7. Мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарының
мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
| Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары | Мемлекеттік органның мақсаттары іске асыруға бағытталған мемлекеттің стратегиялық мақсаттары | Стратегиялық құжаттың, нормативтік құқықтық актінің атауы | |
| 1 | 2 | 3 | |
| 1-стратегиялық бағыт. Табиғи монополиялар субъектілерінің тиімді жұмыс істеуі мен дамуы жағдайларын қамтамасыз ету | |||
| 1-мақсат Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру | 4.1.1. Жалпы жүйелік шаралар Табиғи монополиялар саласында Өндірушілердің, тұтынушылар мен мемлекеттің экономикалық мүдделерінің тепе-теңдігін сақтай отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің және тауар нарығында үстем шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтеріне, жұмыстарына тарифтерді (бағаларды) қалыптастыру үшін құқықтық және нормативтік-әдіснамалық базаны жетілдіру | Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі одан әрі шаралар туралы | |
| 3.1.3. 3-шара. Тарифтік саясатты жетілдіру Тарифтік саясаттың орта мерзімді кезеңдегі негізгі міндеттері реттеу және бақылауды тетіктерін жетілдіру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін кешенді теңдестіріп реттеуге бағытталған шаралар кешенін іске асыру болып табылады | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтік дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары | ||
|
| 61-тармақ Коммуналдық тарифтерді негізсіз көтеруге кедергі жасау | «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының саяси платформасының ережесі | |
| 2-мақсат Тарифтер (бағалар) өзгерісінің болжамды деңгейін қамтамасыз ету | 4.1.1. Жалпы жүйелік шаралар Табиғи монополиялар саласында ресурс және энергия үнемдеуші технологияларды енгізуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған инвестициялық бағдарламаларды іске асыру | Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру бойынша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы | |
| 7.5. Мемлекеттік реттеу 7.5.1.2. Тарифтік саясат Индустрияның орнықты дамуын қамтамасыз ету, табиғи монополиялар субъектілерінің жұмыс істеуін, олар көрсететін қызметтердің сапасын жақсарту, өзіндік құнды төмендету және қызметтерге арналған тарифтің деңгейін тұрақтандыру үшін тарифтік саясатты: инвестицияларды ынталандыратын және орта мерзімді кезеңде тарифтердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін тариф белгілеудің жаңа әдістерін енгізу жолымен одан әрі жетілдіру қажет | Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясы | ||
|
|
|
|
|